Жылдық жоспарға сәйкес 8-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының кезеңдерін өткізу мерзімін «Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО-ғы ұсынады:
Ғылыми жобалар конкурсының аудандық/қалалық кезеңін 2025 жылғы 13-15 қазан аралығында өткізу. Аудандық / қалалық кезеңді білім бөлімдері, дарынды балаларға арналған облыстық мектептер ұйымдастырады және өткізеді;
Облыстық байқаудың іріктеу кезеңіне оқушылардың ғылыми жобаларын жинау 2025 жылғы 20-22 қазан аралығында. Облыстық байқаудың іріктеу кезеңіне жұмыстарды плагиатқа қарсы тексеруден сәтті өткен аудандық/қалалық кезең жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің қағаз форматта ғылыми жобалары қабылданады. Ғылыми жобалардың электрондық нұсқасы және сканерленген өтініш-жұмыстың түпнұсқалығын тексеруге және дербес деректерді өңдеуге келісім (нысан қоса беріледі) жауапты үйлестіруші «Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО-ы ұсынған сілтеме бойынша Google Дискіне жүктейді. Келісім-өтінішке оқушының ата-анасы (заңды өкілі) немесе ғылыми жетекшісі қол қоюы керек. Google Диск сілтемесі аудандық кезең аяқталғаннан кейін ұйымдардың ресми электрондық пошталарына жіберіледі.
Ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңін өткізу күні туралы қосымша хабарлаймыз.

