«Менің шағын Отаным» интеллектуалдық конкурсын ұйымдастыру және өткізу туралы  «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 9-10 сынып оқушыларына арналған жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты республикалық интеллектуалдық конкурсын (бұдан әрі Конкурс) өткізілетіні туралы хабарлайды. Конкурс Қазақстан тарихына қызығушылық танытатын дарынды оқушыларды анықтау және ынталандыру бағдарламасы аясында ұйымдастырылады. Конкурс 9-10 сынып оқушылары арасында өткізіледі және олардың зерттеу және талдау қабілеттерін дамытуға, өлкетану мен ел тарихы бойынша білімдерін тереңдетуге, патриотизм, азаматтық және ұлттық өзіндік сана сезімдерін қалыптастыруға бағытталған.

Жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты республикалық интеллектуалдық конкурсын өткізу Ережелері «Дарын» РҒПО-ның ресми сайтында орналастырылған: www.daryn.kz.

Конкурс үш кезеңнен тұрады:

  1. Аудандық (қалалық) кезең 2025 жылғы 15 қазанда сағат 10:00-де өткізіледі. Ұйымдастыруға жауаптылар аудандық (қалалық) білім бөлімдері.
  2. Облыстық кезең 2025 жылғы 22 қазанда сағат 10:00-де облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатында (Катаев көшесі 63) өткізіледі.

3.Республикалық кезең 2025 жылғы  29-31 қазан аралығында.