«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2025 жылғы 15 қазанда жалпы білім беру және мамандандырылған ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында «Ақберен» республикалық байқауының облыстық кезеңі өткізіледі.
Байқау 6 бағыт бойынша өткізіледі.
Шешендік, білгірлік сайысы (шешендік өнер тарихын білу, шешендік сөз).
Көркемсөз оқу (поэзия, проза, драмалық шығармалардан үзінді).
Эссе жазу (ұсынылған тақырыпта).
Ақындар айтысы.
Ұлттық аспапта өнер көрсету (домбыра, қобыз, жетіген және т.б.).
Ақындар мүшәйрасы.
Байқау Ережесі www.ertisdaryn.kz сайтында орналасқан.
Ескерту: конкурстың өткізу орны және уақыты туралы қосымша хабарланады.

