«Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО 2025-2026 оқу жылының жұмыс жоспарына сәйкес 2025 жылғы қараша айында жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндер және бағдарламалау бойынша ХV облыстық жасөспірімдер олимпиадаларын өткізуді жоспарлайды.
Олимпиадаларға аудандық/қалалық кезең жеңімпаздарынан әр пән бойынша (математика, физика, химия, биология, география, бағдарламалау) 7 және 8 сыныптардан бір оқушы бекітілген квотаға сәйкес қатысуға шақырылады. Жасөспірімдер олимпиадасының өтетін күні мен орны туралы ақпарат қосымша беріледі. Әр пән бойынша ең жоғары ұпай жинаған жеңімпаз Қ. Сәтбаев атындағы аймақтық олимпиадасына жолдама алады.

