Олимпиаданың өңірлік кезеңі 2025 жылғы 6 қазанында Торайғыров университетінің базасында өтті. Олимпиадаға білім беру ұйымдарының бұрын республикалық және халықаралық пәндік олимпиадаларға қатыспаған 11 сынып оқушылары қатысты. Олимпиаданың әрбір қатысушысы барлық кезеңдерде төрт пән бойынша тапсырмаларды орындады: математика, физика, химия және биология.
Ең жоғары ұпай алған 20 оқушы екінші (іріктеу) кезеңіне 21 қазанда қатысады.


