Павлодар облысы білім беру басқармасының «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы облыстық «Ертіс» телеарнасымен бірлесе отырып 2025 жылғы 9 қазанда 8, 9, 10 сынып оқушылары арасында облыстық «Жас экорепортер» экологиялық конкурсын өткізді.
Байқаудың негізгі мақсаты – экологиялық мәселелерге қызығушылық танытып, зерттеушілік қабілеті жоғары дарынды оқушыларды анықтау және қолдау.
Байқауға қатысушылар келесі бағыттар бойынша жұмыстарын ұсынды:
- Елім мен туған жерімдегі табиғатты қорғау: мәселелер мен шешу жолдары;
- Жасыл аймақтардың табиғат пен адамдар өміріндегі маңызы;
- Экологиялық қауіпсіздік адам мен қоғам денсаулығының негізі ретінде.
Байқауға 87 оқушы 65 жобамен қатысты – олар аудандық және қалалық кезеңдерінің жеңімпаздары. Байқау қорытындысы бойынша 37 оқушы Павлодар облысы білім беру басқармасының дипломдарымен марапатталды, оның ішінде: I дәрежелі дипломмен – 6 оқушы, II дәрежелі дипломмен – 14 оқушы, III дәрежелі дипломмен – 17 оқушы.
Байқауға қатысқан барлық оқушыларға сертификттар табысталды.





«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру
оқу-әдістемелік орталығы

