Павлодар облысы білім беру басқармасы «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2025 жылғы 15 қазанда 8-11 сынып оқушыларының арасындағы республикалық «Ақберен» байқауының облыстық кезеңі өткізілді. Шараға 9 аудан, 3 қала және 12 мамандандырылған мектептен 93 оқушы қатысты.
Сайыс қорытындысында 41 оқушы жеңімпаз бен жүлдегер атанып, облыс білім беру басқармасының дипломдарымен марапатталды: І дәрежелі дипломмен – 6, ІІ дәрежелі дипломмен – 14, ІІІ дәрежелі дипломмен – 21, құрмет грамотасымен – 12.
«Шешендік білгірлік сайысы» бағыты бойынша І дәрежелі дипломмен – Екібастұз қаласы №36 лицей- мектебінің 11-сынып оқушысы Алпамыс Күнсәуле (мұғалімі Бисмильдинова А. С.); ІІ дәрежелі дипломмен – Баянауыл ауданы Е. Бекмаханов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы Садық Жансая (мұғалімі Сүйіндік О. О.), Дарынды қыз балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей- интернатының 10-сынып оқушысы Мамырбекқызы Іңкәр (мұғалімі Уахиева Ж. К.); ІІІ дәрежелі дипломмен – Шарбақты ауданы Хмельницкий жалпы орта білім беру мектебінің 10-сынып оқушысы Хайдарбергенқызы Аяжан (мұғалімі Болатбек Шынарүл), Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия- интернатының 9-сынып оқушысы Болатжан Інжуна (мұғалімі Касыбаева М. Б.), дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 8-сынып оқушысы Аллаяр Мирас (мұғалімі Уалиханова Н. М.); құрмет грамотасымен — Павлодар ауданы Ямышев жалпы орта білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы Талғатбек Елдос (мұғалімі Толеу Каукер), Ақсу қаласы Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 10-сынып оқушысы Айнабек Гүлназ (мұғалімі Рахманова Д. Е.) марапатталды.
«Көркемсөз оқу» бағыты бойынша І дәрежелі дипломмен –Павлодар қаласы Ә.Бөкейхан атындағы лицей- мектебінің 10-сынып оқушысы Хамитова Амина (мұғалімі Шажанканова Б. М.); ІІ дәрежелі дипломмен – Шарбақты ауданы Хмельницкий жалпы орта білім беру мектебінің 10-сынып оқушысы Азамат Каусар (мұғалімі Болатбек Шынарүл), Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия- интернатының 9-сынып оқушысы Қуаныш Аяжан (мұғалімі Ахметова Г. К.), дарынды балаларға арналған №8 лицей- мектебінің 8-сынып оқушысы Таниева Нұрай (мұғалімі Тусупбаева Г. Б.); ІІІ дәрежелі дипломмен – Баянауыл ауданы С. Торайғыров атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы Ғайбиран Бағлан (мұғалімі Байшүкір Қ. К.), дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназияның 10-сынып оқушысы Құрмаш Мәлика (мұғалімі Шабажанова С. К.), дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 8-сынып оқушысы Сарсембаева Самира (мұғалімі Нұркешова А.Қ.), Ақсу қаласы Жамбыл орта мектебінің 8-сынып оқушысы Құрманғазы Нұрмахамбет (мұғалімі Зейнелхабдыл Аскар); құрмет грамотасымен – Май ауданы Қаратерек жалпы орта білім беру мектебінің 10-сынып оқушысы Орынтай Ақмарал (мұғалімі Акибай Г. И.), «Жас Дарын» мамандандырылған мектеп- лицейінің 10-сынып оқушысы Әлібек Әли (мұғалімі Шаймерденова А.Т.) марапатталды.
«Эссе жазу» бағыты бойынша І дәрежелі дипломға – Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей- интернатының 11-сынып оқушысы Бейсенхан Толғанай (мұғалімі Аденова Б. О.); ІІ дәрежелі дипломға – дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназияның 10-сынып оқушысы Қоқан Фатима (мұғалімі Шабажанова С. К.), Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия- интернатының 11-сынып оқушысы Сатенова Фарида (мұғалімі Окпина Б. М.); Екібастұз қаласы дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» облыстық лицей- интернатының 11-сынып оқушысы Болат Алмат (мұғалімі Амантай Н. А.), ІІІ дәрежелі дипломға — Аққулы ауданы Шарбақты жалпы орта білім беру мектебінің 11-сынып оқушысы Серікболат Дарина (мұғалімі Досымгожина Н.Б), Баянауыл ауданы Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп интернатының 11-сынып оқушысы Жумаканова Айым (мұғалімі Саликова Э. М.), Дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназияның 10-сынып оқушысы Мырзабекова Айсана (мұғалімі Шабажанова С. К.), Қ. Сәтбаев атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясының 9-сынып оқушысы Сатбек Дильназ (мұғалімі Нургалиева Д. А.); құрмет грамотаға — Павлодар қаласы Ә.Бөкейхан атындағы лицей- мектебінің 10-сынып оқушысы Рамазан Ағайша (мұғалімі Асылбекова А. М.), Екібастұз қаласы №36 лицей- мектебінің 10-сынып оқушысы Шалбаева Наргиз (мұғалімі Мейрамова Г. З.) ие болды.
«Ақындар мұшәйрасында» І дәрежелі дипломмен – Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия- интернатының 9-сынып оқушысы Қайрат Алдияр (мұғалімі Тұрғанбек А. С.); ІІ дәрежелі дипломмен – Ақтоғай ауданы Т.Бигелдинов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы Байсолтан Нұрсұлу (мұғалімі Уалитова А. Ж.), Баянауыл ауданы З. Ақышев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 11-сынып оқушысы Райымбек Сағыныш (мұғалімі Сагындыкова А. С.), «Жас Дарын» мамандандырылған мектеп- лицейінің 10-сынып оқушысы Медіғат Кәусар (мұғалімі Шаймерденова А.Т.); ІІІ дәрежелі дипломмен – дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназияның 9-сынып оқушысы Ұзақбай Жансұлу (мұғалімі Сеитова Н. С.), Екібастұз қаласы №25 қазақ қыздар гимназиясының 11-сынып оқушысы Курманшаравқызы Гаухар (мұғалімі Даутова К. К.), Ақсу қаласы Береке орта мектебінің 11-сынып оқушысы Имамагзам Жансая (мұғалімі Шерикбай Ж.) марапатталды.
«Ұлттық аспапта өнер көрсету» бағытында І дәрежелі дипломға – дарынды қыз балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей- интернатының 10-сынып оқушысы Еркін Кәусар (мұғалімі Дюсембаева Г. Б.); ІІ дәрежелі дипломға Екібастұз қаласы дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» облыстық лицей- интернатының 7-сынып оқушысы Мейірбекұлы Нұрасыл (мұғалімі Амантай Н. А.), дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернатының 8-сынып оқушысы Нұрмұхамет Дайана (мұғалімі Алпысбаева А. Ж.); ІІІ дәрежелі дипломмен – Павлодар қаласы № 38 жалпы орта білім беру мектебінің 7-сынып оқушысы Мұратбек Елжан (мұғалімі Мурунбаева Г. И.), Май ауданы Көктөбе жалпы орта білім беру мектебінің 10-сынып оқушысы Айтғали Азамат (мұғалімі Сырымбек Н.), Павлодар ауданы Кемеңгер жалпы орта білім беру мектебінің 8-сынып оқушысы Мулукова Инсана (мұғалімі Нургалиева М.Ж.), дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназияның 9-сынып оқушысы Аксаков Ескендір (мұғалімі Казиева Б. А.), құрмет грамотаға — Екібастұз қаласы №21 жалпы орта білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы Құрман Нұрдәулет (мұғалімі Манейхан Ж.), Ақсу қаласы Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы Кисатова Жанель (мұғалімі Рахметова А. А.), Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 7-сынып оқушысы Шамшит Зере
(мұғалімі Жазкей Еркеш), Ақтоғай ауданы Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 10-сынып оқушысы Қабылбек Мұқамедия (мұғалімі Ашимова Д. Ж.) ие болды.
«Ақындар айтысында» І дәрежелі дипломды – Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия- интернатының 11-сынып оқушысы Баршинбаев Мейржан (мұғалімі Тұрғанбек А. С.); ІІ дәрежелі дипломды — Павлодар қаласы № 33 жалпы орта білім беру мектебінің 11-сынып оқушысы Қажет Еркеш (мұғалімі Куямбаева А. А.); ІІІ дәрежелі дипломды — Баянауыл ауданы Ш. Шөкин атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 11-сынып оқушысы Нұрақмет Мәуіт (мұғалімі Пәзіл Жеңісбек), Екібастұз қаласы №26 гимназия-мектебінің 8-сынып оқушысы Оралхайдар Ерназар (мұғалімі Сагантаева Ж.Т.), дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей- интернатының 10-сынып оқушысы Айтжанов Адлет (мұғалімі Турганбекова А. Т.) иеленді.
Облыстық кезең жеңімпаздары 2025 жылғы 6-8 қараша аралығында өтетін республикалық «Ақберен» байқауына қатысады.

«Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО

