Өткізілетін күні: 2025 жылғы 23 қазан, басталуы – 12.00-де.
Өтетін орны: Ақпараттық технологиялар колледжі (Лермонтов көшесі, 93).
Ұйымдастырушылар: Павлодар облысы білім беру басқармасының «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы.
Республика күні қарсаңында түрлі салаларда ерекше қабілеттерін көрсеткен талантты және дарынды, сондай-ақ қоғамдық маңызы бар, батыл іс-әрекеттер жасаған балаларды қолдау мақсатында бес жыл қатарынан «Тәуелсіздік ұланы» сыйлықақысы табысталуда. Төсбелгімен марапаттау және ақшалай сыйақыны табыстау салтанатты рәсімі Павлодар облысының әкімі А. Байхановтың қатысуымен өткізіледі.
Барлық қалалар мен аудандарда жеңімпаздарды құрметтеу келесі 5 номинация бойынша жүргізіледі: «Ғылыми-техникалық шығармашылық және оқу-зерттеу қызметі»; «Кәсіби шеберлік» (ТжКБ ұйымдары үшін); «Шығармашылық шеберлік»; «Спорттық шеберлік»; «Әлеуметтік маңызы бар және қоғамдық қызмет».
Биылғы жылы конкурсқа қатысуға 800-ден астам өтінім берілген, соның ішінен облыстық кезеңге 350 үміткер өткізілді.
Шара қорытындысында 100 жеңімпаз 50 АЕК мөлшерінде (196600 тенге) «Тәуелсіздік ұланы» сыйлықақысына ие болды.
Марапаттау рәсімі басталар алдында «Тәуелсіздік ұланы» сыйлықақысының иегерлері қаламыздың кәсіпорындарына барады.
Қосымша ақпарат: «Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО (Павлодар қ., Мәшһүр Жүсіп көшесі, 189, тел. 87074982294).

