Республиканың ауылдық мектептерінде оқитын 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі 2025 жылғы 28-29 қазанда өтеді.

Олимпиаданың басталуы – сағат 09.00-де.

Олимпиаданың басты мақсаты – ауылдық жердегі мектеп оқушыларының дарындары мен қабілеттерін анықтау, дамыту және қолдау үшін оңтайлы жағдай жасау, ең қабілетті оқушыларды іріктеу, олардың одан әрі зияткерлік дамуы мен кәсіби бағдарын айқындау. Ережеге сәйкес, олимпиада 13 пән бойынша: жаратылыстану-математикалық бағыттағы 6 пән және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 7 пән бойынша өткізіледі.

Олимпиадаға Павлодар облысының 3 қаласынан және 10 ауданынан 705 оқушы қатысады.

Олимпиада өтетін орындар:

  • «Білім-Инновация» дарынды жасөспірімдерге арналған облыстық лицей-интернаты (Павлодар қ., Шокин к-сі, 146) – жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер;
  • Павлодар қаласының № 35 ЖОББМ (Ш. Айманов к-сі, 37) – қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталады.

Қосымша ақпарат: Павлодар қ., Машхүр Жүсіп көшесі, 189. «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы, 87013914472