«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының 2025-2026 оқу жылының жұмыс жоспарына сәйкес 2025 жылғы 5 қарашада 2-7 сынып оқушылары арасында «Зерде»  республикалық зерттеу  жобалары конкурсының облыстық кезеңі  Павлодар қаласы Ж. Тәшенев атыныдағы жалпы білім беру мектеп базасында  (Ворушин көшесі, 6/2) өткізіледі.

Облыстық кезеңіне іріктеуден өткен жобалардын авторлары қатысады. Конкурстық жұмыстарды қорғау кезінде әр қатысушыда баяндаманың слайд нұсқасы электрондық тасымалдағышта болуы тиіс. Презентация (слайд)  электрондық түрде жүргізіледі. Павлодар қаласында орналасқан барлық білім беру ұйымдарының жауапты тұлғалары (координаторлары) 4 қараша күні, сағат 14.00-ден 16.00-ге дейін Павлодар қаласы Ж. Тәшенев атыныдағы жалпы орта білім беру мектебіне келіп слайд нұсқаларын жүктеулері қажет.

Конкурстың өткізу уақыты демалыс күндерімен сәйкес келемегендіктен салтанатты жабылу рәсімі болмайды. Конкурс қорытындысы «Ертіс дарыны» сайтында жарияланады.                         Конкурс бағдарламасы (қосымша).

Ескерту: Әр қатысушыда өзімен бірге су, қаламсап, қағаз түрде жұмысы және электрондық нұсқасы, бейдж (аты-жөні, мектебі, сыныбы, секциясы) болуы тиіс.

2-7-сынып оқушылары арасында «Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсының облыстық кезеңінің

 БАҒДАРЛАМАСЫ

 13.00 – 13.30 – қатысушыларды тіркеу (мектеп фойесі)

13.30 – 14.00 – қатысушыларды кабинет бойынша отырғызу

14.00 – 18.00 – зерттеу жобаларды секция бойынша қорғау