Туған ел тарихына қызығушылық танытатын талантты балаларды анықтап, мектеп оқушыларының тарих және өлкетану пәндері бойынша білімін дамыту, өзін-өзі тану мен олардың кіші Отанына деген мақтанышын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2025 жылғы 28 қазан 1 қараша аралығында  «Менің шағын Отаным» жас тарихшылар республикалық зияткерлік конкурсын өткізді. Конкурсқа Павлодар облысынан төрт оқушы бақтарын сынады.

Ережеге сәйкес конкурс екі тур бойынша өткізілді. І тур – Қазақстан тарихы  сұрақтары  бойынша тест тапсырылды. ІІ тур – 4 номинация бойынша жұмыс атқарылды: «Менің өлкемнің тарихы мен мұрасы», «Менің өлкемнің символдары», «Жасампаздар:  менің өлкемнің тұлғалары мен батырлары», «Ертеңгі менің өлкем: болашақ жобасы».

«Ертеңгі менің өлкем: болашақ жобасы» номинация бойынша   ІІІ дәрежелі дипломымен  және естелік силығымен Май ауданы Малайсары жалпы орта білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы Жарылгасимов Санжар; Құрмет грамотасымен  дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 10 сынып оқушысы Гришин Артём марапатталды

 

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы