Бүгін Жезқазған қаласында Қ. Сәтбаев атындағы химия бойынша Халықаралық олимпиаданың жабылу салтанаты өтті. Жастардың ғылымға және зерттеу қызметіне деген қызығушылығын дамытуға бағытталған зияткерлік жарысқа Қазақстан, Қырғызстан, Ресейден 9-11 сынып оқушылары қатысты. Қатысушылар теориялық және эксперименттік турларда өз білімдерін көрсетті.
Олимпиадаға Павлодар облысының дарынды балаларға арналған № 8 мектеп-лицейінің оқушылары Бектұрсын Дәрия (11 сынып) және Ахметова Латифа (8 сынып) қатысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша Бектұрсын Дәрия қола медальмен және Ш дәрежелі дипломмен марапатталды. Ахметова Латифа-Құрмет грамотасымен.


