Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің орта білім беру Комитеті және «Хабар» ұлттық телеарнасының бастамасымен 2025 жылғы 3 қараша күні «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойынға Павлодар облысы білім беру басқармасының «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы облыстық іріктеу кезеңін ұйымдастырып, өткізді.
Ойын мақсаты мен міндеті: оқушылардың оқу әрекетін ынталандыру; жоғары зияткерлік қабілеті бар, дайындығы жақсы әрі дарынды оқушыларды іріктеу және қолдау; еліміздің зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға жәрдемдесу.
«ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойны 11-сынып оқушылары арасында өткізілді. Облыстық іріктеу кезеңге аудандық, қалалық ойындарының 53 жеңімпазы қатысты.
Зияткерлік сайыс қорытындысында 25 оқушы жеңімпаз бен жүлдегер атанып, облыс білім беру басқармасының дипломдарымен марапатталды: І дәрежелі дипломмен – 5 , ІІ дәрежелі дипломмен – 5, ІІІ дәрежелі дипломмен – 15.
І дәрежелі дипломмен және Республикалық зияткерлік сайысқа келесі бес жеңімпазы жолдама алды және марапатталды – Баянауыл ауданы Қ.Кемеңгеров атындағы жалпы орта білім беру мектебінің оқушысы Амангелды Жантуар (мұғалімі Тоқыш Н.Д.); «Жас Дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің оқушысы Туменбаев Алдияр (мұғалімі Шайхимова А.М.); «Жас Дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің оқушысы Құдайберген Бекмырза (мұғалімі Кабылова А.М.); дарынды қыз балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының оқушысы Досанова Жасмин (мұғалімі Динер Г.); Баянауыл ауданы Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің оқушысы Нұржанқызы Ясмин (мұғалімі Хасенова Г.Б.).
ІІ дәрежелі дипломға – «Жас Дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің
оқушысы Бастемиев Ансар (мұғалімі Исабаева З.Н.); Қ. Сәтбаев атандағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясының оқушысы Иглымхан Жанерке (мұғалімі Мұтан Мұратбек); Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының оқушысы Кубекова Милана (мұғалімі Болтаев А.А.); Баянауыл ауданы З.Ақышев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің оқушысы Сериков Ерсаин (мұғалімі Тусупбаев Е.Р.); Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының оқушысы Жакупбай Елжан (мұғалімі Болтаев А.А.) ие болды.
ІІІ дәрежелі дипломмен – Екібастұз қаласы №2 жалпы орта білім беру мектебінің оқушысы Сұлтанмұрат Жанбота (мұғалімі Акылбекова Г.С.); Қ. Сәтбаев ат. дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясының оқушысы Атакан Дінмұхамед (мұғалімі Купяшарова А.А.); Баянауыл ауданы М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің оқушысы Ерікболқызы Аяулым (мұғалімі Шапиев Д.С.), Павлодар қаласы №2 жалпы орта білім беру мектебінің оқушысы Нығметқызы Зайни (мұғалімі Масалимова А.А.); Екібастұз қаласы №36 лицей- мектебінің оқушысы Кудинов Амирхан (мұғалімі Жұмәлі Р.А.); дарынды балаларға арналған №3 гимназияның оқушысы Алипова Айса; Павлодар қаласы Ж.Тәшенев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің оқушысы Сиазбек Назира (мұғалімі Безен Б.К.); облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының оқушысы Сатенова Данель (мұғалімі Сейталиев Б.Б.); Павлодар қаласы Ә.Бөкейхан атындағы лицей-мектебінің оқушысы Окенова Айым (мұғалімі Шажанканова Б.М.); Павлодар қаласы №17 жалпы орта білім беру мектебінің оқушысы Кожабек Еркежан (мұғалімі Хажихан Баршагүл); Павлодар қаласы Б.Момышұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебінің оқушысы Мұсылманбек Байнияз (мұғалімі Бекишева К.С.); Павлодар қаласы №25 жалпы орта білім беру мектебінің оқушысы Карабаева Сабина (мұғалімі Кожабаева Г.Б.); Баянауыл ауданы Егіндібұлақ жалпы орта білім беру мектебінің оқушысы Жұмаш Әбілмансұр; облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының оқушысы Мұхамбек Әлқадар (мұғалімі Амангелді Ш.А.); дарынды қыз балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының оқушысы Сарыбай Назерке (мұғалімі Саруар С.Ж.) марапатталды .
Облыстық кезең жеңімпаздары 2026 жылғы ақпан-наурыз айында өтетін қорытынды (республикалық) зияткерлік сайысына қатысады.

«Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО

