«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2025 жылғы 6-8 қараша күндері Ақмола облысының Щучинск қаласы, Бурабай курортында орналасқан «Балдаурен» республикалық оқу-сауықтыру орталалығында шығармашыл оқушылар арасындағы «Ақберен» республикалық өнер байқауы өткізілді.
Республикалық шараның «Көркем сөз оқу», «Ақындар мүшәйрасы», «Шешендік білгірлік», «Ақындар айтысы», «Эссе жазу» және «Ұлттық аспапта өнер көрсету» атты 6 бағытында 128 оқушы бағын сынады.
Павлодар облысынан өңірлік кезеңнің 6 жеңімпазы қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша «Шешендік, білгірлік» бағытында ІІІ дәрежелі дипломымен Екібастұз қаласы, №36 лицей-мектебінің 11-сынып оқушысы Алпамыс Күнсәуле (мүғалімі:Бисмильдинова А.С) марапатталды. Барлық оқушыларға қатысқаны үшін сертификат берілді.

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру
оқу-әдістемелік орталығы

