«Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО-ғы 2025-2026 оқу жылының жұмыс жоспарына сәйкес жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың   екінші     (аудандық/қалалық)     кезеңін    (бұдан әрі – Олимпиада) 2025 жылғы 3 желтоқсанда – 7 сыныптарға сағат 10:00-де жаратылыстану-математикалық бағыттағы, сағат 14:00-де  қоғамдық-гуманитарлық бағыты, 4 желтоқсан – 8 сыныптарға сағат 10:00-де жаратылыстану-математикалық бағыты, сағат 14:00-де қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша аудандық/қалалық білім басқармалары және мамандандырылған мектептер  өткізетінін хабарлайды.

Олимпиада жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағытта өтетін болады

 

Жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған

 республикалық олимпиада пәндерінің тізімі

Қоғамдық-гуманитарлық бағыт

  1. Қазақстан тарихы
  2. Қазақ тілі мен әдебиеті
  3. Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі
  4. Орыс тілі мен әдебиеті
  5. Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі
  6. Ағылшын тілі

Жаратылыстану-математикалық бағыт

  1. Математика
  2. Информатика
  3. География
  4. Физика
  5. Химия
  6. Биология