Өткізу уақыты: 2025 жылғы 14 қараша.
Өткізу орны: Павлодар қ. Ж. Ташенев атындағы жалпы орта мектебі (Ворушин көшесі, 6/2)
Дарынды және талантты жас зерттеушілерді іріктеу мен қолдау және еліміздің зияткерлік әлеуетің қалыптастыру мақсатында жыл сайын 2-7 сынып оқушыларының арасында зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының республикалық «Зерде» конкурсын облыстық кезеңі өткізіледі.
Биылғы жылы конкурстың іріктеу кезеңіне 700-ден астам жұмыс тапсырылып, оның ішінде 376 жоба (478 қатысушы) облыстық кезеңге өтті.
Конкурс қатысушылары математикалық теңдіктер құпияларын ашып, кристаллдардың қасиеттері мен энергия сақтау тәсілдерін зерттеп, қоршаған орта мәселелерін шешу әдістерін ұсынады. Өз жұмыстарында балалар сәндік-қолданбалы өнердің ғажайып әлемімен, ұлттық салт-дәстүрлерімен, тіл және әдебиетімен таныстырады, қарқынды өлкетану жұмысын жүргізеді.
Зерттеу жобалары 12 секция бойынша қорғалады: қазақ тілі мен әдебиеті; орыс тілі мен әдебиеті, шетел тілі; математика, қолданбалы математика; физика, космос секциясы; туризм және спорт; тарих, өлкетану; этномәдениеттану; химия, биология; медицина, психология, экология; информатика, робототехника, STEM инженерия; технология және өнер секциясы.
Облыстық кезеңінің женімпаздары республикалық конкурсқа жолдама алады.
Конкурс бағдарламасы:
13.00-13.30 – қатысушыларды тіркеу
13.30-14.00 – қатысушыларды кабинет бойынша отырғызу
14.00-18.00 – жұмыстарды секция бойынша қорғау
18.00 – конкурстың аяқталуы
Қосымша ақпарат: Павлодар қ., Мәшһүр Жүсіп көшесі, 189, тел. +77074982294

