Павлодар облысы білім беру басқармасының 2025 жылғы 11 қарашадағы № 2-02/660 «8-11 сынып оқушыларына арналған республикалық оқушылардың ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңін өткізу туралы» бұйрығына сәйкес «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы республикалық оқушылардың ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңі (бұдан әрі – Конкурс) 2025 жылдың 26 қарашасында Павлодар қаласының № 35 жалпы орта мектебінің базасында (Ш. Айманов көшесі, 37) өтетінін хабарлайды. Қатысушыларды тіркеу сағат: 12.00-ден 12.30-ға дейін.
Оқушылардың ғылыми жобалар конкурсына қатысушылар мен жетекшілердің уақытылы келуін қамтамасыз етуіңізді сұраймыз.
Конкурс өтетін орынға барар жолда балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау бойынша қауіпсіздік шараларын қадағалаңыз.
Конкурсты өткізу Ережелеріне сәйкес облыстық кезеңге қатысушыларға баяндамаға демонстрациялық материалды (электронды тасымалдағыштағы слайдтық презентация түрінде) дайындау ұсынылады.
Мектеп командаларының жетекшілерінен Конкурсқа қатысушылардың слайдтық презентацияларын 25 қарашада сағат 14.00-ден 16.00-ге дейін жүйелі түрде Ш. Айманов көшесі, 37 мекен-жайында орналасқан № 35 ЖОББМ-де жүктеуді сұраймыз.

