Өткізілетін мерзімі және орны: 2025 жылғы 20 қараша күні, дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейі (Астана көшесі, 12).

Өткізу уақыты: сағат 14.00-де

Ұйымдастырушылар: Павлодар облысы білім беру басқармасының «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы.

Олимпиаданың мақсаты – мектеп оқушыларының жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындық жүйесін жетілдіру мен жаратылыстану-математикалық бағыттағы және бағдарламалау пәндерден олимпиадалық қорын қалыптастыру, Қ.И. Сәтбаев атындағы аймақтық олимпиадасына қатысу үшін жоғары ынталы білім алушыларды аңықтау.

Олимпиадаға 7- 8 сынып оқушылары қатысады. Барлығы 89 қатысушы, оның ішінде математика пәні бойынша – 57, бағдарламалау пәні бойынша – 32. Әр пән бойынша ең жоғары ұпай жинаған жеңімпаз Қ. Сәтбаев атындағы аймақтық олимпиадасына жолдама алады.

Қосымша ақпарат: «Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО (Павлодар қ., Мәшһүр Жүсіп көшесі, 189, тел. 87074982294).