Павлодар облысы білім беру басқармасының «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы 2025 жылғы 20 қарашада дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің негізінде математика және бағдарламалау пәндерінен жасөспірімдер олимпиадасы өткізілді.
Олимпиаданың мақсаты – мектеп оқушыларының жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындық жүйесін жетілдіру мен жаратылыстану-математикалық бағыттағы және бағдарламалау пәндерден олимпиадалық қорын қалыптастыру, Қ.И. Сәтбаев атындағы аймақтық олимпиадасына қатысу үшін жоғары ынталы білім алушыларды аңықтау.
Шараға 89 оқушы қатысты, оның ішінде математика пәні бойынша – 57, бағдарламалау бойынша – 29.
Олимпиада қорытындысы бойынша бағдарламалаудан 12 оқушы жүлдегер мен жеңімпаз атанды, оның ішінде І орын – 1, ІІ орын – 3, ІІІ орын – 8.
Математика пәні бойынша 16 оқушы жеңімпаз бен жүлдегер атанып, І дәрежелі дипломына – 4, ІІ– 7, ІІІ – 5 және Қүрмет грамотасына 5 оқушы ие болды.
Барлық қатысушыларға сертификат ұсынылды.

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру
оқу-әдістемелік орталығы

