Астана қаласында 16-22 қараша аралығында 11 сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық цикл пәні бойынша XVIІІ Президенттік олимпиада өтті
Президенттік олимпиада – бұл еліміздің дарынды оқушыларын анықтауға көмектесетін және олардың әлеуетін іске асыруға қолдау көрсететін бірегей жоба.
Павлодар облысын 17 оқушыдан тұратын команда таныстырды.
Президенттік олимпиадаға қатысушылардың жұмысын халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары және жүлдегерлері, Қазақстанның жетекші жоғары орындарының PhD докторлары мен магистері бағалады.
XVIII Президенттік олимпиаданың республикалық кезеңінің қорытындысы бойынша барлық жүлделі орындарды дарынды балаларға арналған № 8 мектеп-лицейінің оқушылары жеңіп алды.
I дәрежелі дипломмен Мельников Михаил марапатталды. II дәрежелі дипломдарымен Захарченко Юлиана, Шатилов Роман және Хамитов Алькей ие болды. III дәрежелі дипломымен Кириченко Полина мен Сүлейменова Айлин жеңіп алды.
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының Құрмет грамотасымен «Жас дарын» мамандадырылған мектеп-лицейінің оқушысы Құдайберген Бекмырза марапатталды.

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру
оқу-әдістемелік орталығы

