2025 жылғы қарашаның 24-і күні 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық лингвистикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті.

Республикалық лингвистикалық олимпиада — бұл теориялық, математикалық  және қолданбалы лингвистика бойынша жыл сайынғы жарыс. Олимпиаданың негізгі мақсаты: оқушылардың «қолданбалы филология» пәнін оқуға деген қызығушылығын ынталандыру, жалпы білім беру көкжиегін дамыту, ғылыми білімді насихаттау, халықаралық лингвистикалық олимпиадаға қатысу үшін олимпиадалық резервті қалыптастыру. Іс-шараға 8-11 сыныптардың 36 оқушысы қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша І орын- 1 оқушы;  ІІ орын- 7 оқушы; ІІІ орын — 9 оқушы ие болды.

Республикалық кезеңде облыстың намысын ең жоғары балл жинаған 3 адамнан тұратын команда қорғайды.

Хаттама