Өтетін күні: 2025 жылғы 28 қарашада.
Өтетін орны: Павлодар қ., Торайғыров университеті (Ломов көш., 64).
Ұйымдастырушылар: Павлодар облысы білім беру басқармасының «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы, Торайғыров университеті.
Олимпиаданың мақсаты – үш және одан да көп тіл үйрену бастамасын қолдау, көптілді білім беруді дәріптеу, көптілді тұлғаны қалыптастыру.
Павлодар облысы мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында көптілділік олимпиадасын ұйымдастыру мен өткізуге жағдай жасау, дарынды оқушыларды анықтау, олардың тілдерге қызығушылығын дамыту, пәндерді шетел тілінде оқытатын мұғалімдер мен оқытушылардың белсендіктерін арттыру – олимпиаданың негізгі міндеттері.
Олимпиаданы Павлодар облысы білім беру басқармасының «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы және Павлодар университетінің халықаралық ынтымақтастық департаменті бірлесіп өткізеді.
Олимпиадаға облыс мектептері 9-11 сыныптарының 60 оқушысы қатысады.
Олимпиада қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады.
Олимпиада бағдарламасы:
10.00-12.00 – І қезең (жазбаша) А-7, А-8
14.00-16.00 – ІІ қезең (ауызша) А-247 (қазақ тілі)
А-249 (ағылшын тілі)
А-251 (орыс тілі)
А-253 (неміс тілі)
Қосымша ақпарат: «Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО, Павлодар қ.,Мәшһүр Жүсіп көш., 189,
тел. 87074982294

