Оқушылардың ғылыми-зерттеу және зияткерлік шығармашылығын дамыту мақсатында 2025 жылғы 26 қарашада Павлодар қаласы №35 жалпы орта білім беру мектебінде 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңі өткізілді.
Қазылар алқасы мүшелерінің пікірі бойынша жылдан жылға ұсынылған ғылыми жобалардың саны мен сапасы артуда. Биылғы жылы іс-шараға аудандық, қалалық кезеңдерінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері – 438 оқушы 16 секция бойынша (физика, Жер және Ғарыш туралы ғылымдар, техника, математика, қолданбалы математика, экономика, информатика, химия, биология, қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау, тарих, адам және қоғам, өлкетану, әдебиет, этномәдениеттану және тіл білімі) 348 жобамен қатысты.
Конкурс қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломымен 25 оқушы, ІІ дәрежелі дипломымен 69 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломымен 158 оқушы марапатталды.

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру
оқу-әдістемелік орталығы

