«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы Торайғыров Университетімен бірлесе отырып 2025  жылғы 28 қараша күні 9-11 сынып оқушылар арасында облыстық көптілділік олимпиадасын өткізді.

Олимпиадаға 2 қала, 8 аудан және 12 мамандандырылған  мектептерден 60 оқушы бақ сынады

Олимпиаданың мақсаты – мектептегі көптілді үздіксіз білім беру жағдайында зияткерлік көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыру.

Міндеттері:

— оқушылардың мемлекеттік, орыс және шет тілдерді оқуға ынтасын арттыру;

— оқушылардың үш тілде коммуникативтік дағдылары мен шығармашылық әлеуетін дамыту;

— әлем бейнесін үш тілде түсінуде оқушылардың танымдық белсенділігін жандандыру.

Олимпиада екі тур бойынша өткізілді.

1 тур (жазбаша) – оқушылар ұсынылған тақырыпқа үш тілде эссе жазды.

2 тур (ауызша) – оқушылар берілген тақырыпқа көпшілік алдында сөз сөйледі.

Екінші турға әр пән бойынша 75-100 ұпай жинаған оқушылар 14 қатысушы өтті.

Олимпиада қорытындысы бойынша 14 қатысушы жеңімпаз бен жүлдегер атанды, оның ішінде І-ші дәрежелі дипломына 4 оқушы, ІІ дәрежелі дипломына 6 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломына 6 оқушы иеленді. Құрмет грамота – 14. Олимпиаданың барлық қатысушыларына қатысу сертификаттары берілді.

Хаттама

 

 

 «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы