2025 жылғы 25-29 қараша аралығында Астана қаласында ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша жаратылыстану-математикалық бағыттағы 6 пән бойынша республикалық олимпиаданың үшінші кезеңі өтті.

Республикалық кезең дәстүрлі форматта екі турда өткізілді. Олимпиаданың басты мақсаты – еліміздің ауылдық жерлеріндегі мектеп оқушыларының таланты мен қабілеттерін анықтау, дамыту және қолдау үшін оңтайлы жағдай жасау, академиялық қабілетті оқушыларды іріктеу, олардың одан әрі зияткерлік дамуы мен кәсіби бағдарлануына ықпал ету.

Республикалық кезеңге Павлодар облысынан жаратылыстану-математикалық бағыттағы 6 пән бойынша 16 оқушыдан тұратын құрама команда қатысты.

Республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша ҚР Оқу-ағарту министрлігінің І дәрежелі дипломымен Шарбақты ауданы №3 жалпы орта білім беру мектебінің 11 сынып оқушысы Хлобышева Дарья (мұғалімі Сыздыкова Айгуль Набиевна) және Павлодар қаласы №38 жалпы орта білім беру мектебінің 9 сынып оқушысы Кусанов Имран (мұғалімі Соян Ертай) марапатталды.

ІІІ дәрежелі дипломымен Тереңкөл ауданы №1 Песчан жалпы орта білім беру мектебінің 11 сынып оқушысы Чоп Анна (мұғалімі Красноперова Ольга Викторовна); Павлодар қаласы Кенжекөл жалпы орта білім беру мектебінің 11 сынып оқушысы Егинбай Надир (мұғалімі Кудайбергенова Майя Амангельдиновна);  Павлодар қаласы Кенжекөл жалпы орта білім беру мектебінің 11 сынып оқушысы Кудайбергенова Айжан (мұғалімі Кудайбергенова Майя Амангельдиновна);  Ертіс ауданы Панфилов жалпы орта білім беру мектебінің 11 сынып оқушысы Елубай Мақсат (мұғалімі Токтарбаев Жанарбек Табылдиевич);  Железин ауданы №2 жалпы орта білім беру мектебінің 11 сынып оқушысы Жайкбаев Алижан (мұғалімі Омарова Айжан Кайроллиновна) және Тереңкөл ауданы А.Текенов атындағы №2 жалпы орта білім беру мектебінің 11 сынып оқушысы Спиваков Алексей (мұғалімі Кенжетаев Амиржан Жумабаевич) марапатталды.

Ең жас қатысушы номинациясы бойынша Павлодар қаласы №38 жалпы орта білім беру мектебінің 9 сынып оқушысы Кусанов Имран (мұғалімі Соян Ертай) марапатталды.

Екібастұз қаласы  Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы Ақыш Есен (мұғалімі Кайролла Ерболат Кайроллаевич) және Екібастұз қаласы  Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің 9 сынып оқушысы Жексенова Айжан (мұғалімі Исеева Гульнур Даулетовна) грамотаға ие болды.

І дәрежелі диплом иегерлері жалпы білім беретін пәндер бойынша 2026 жылғы республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысады.