Ресей Федерациясының Сочи қаласында 2025 жылғы 23 қараша мен 2 желтоқсан аралығында «Сириус» білім беру орталығының базасында жасөспірімдер арасындағы XXII Халықаралық жаратылыстану-ғылыми олимпиадасы (IJSO) өтті.
Олимпиадаға әлемнің 21 елінен келген 120-дан астам оқушы қатысты.
^Қазақстан құрамасы 6 оқушыдан тұрды, олардың қатарында Павлодар облысының өкілі, дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 9-сынып оқушысы Перепелица Даниил да бар.
Олимпиада қатысушылар физика, химия және биология пәндері бойынша теориялық білімдері мен тәжірибелік дағдыларын жоғары деңгейде көрсетті.
Олимпиада қорытындысы бойынша Қазақстан командасы 100% нәтиже көрсетіп, 6 медаль жеңіп алды. Перепелица Даниил күміс медаль иегері атанды (мұғалімдер: Билида Анатолий Николаевич — физика, Колдашева Оксана Владимировна — химия, Синицына Ирина Юрьевна — биология).

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша
білім беру оқу-өдістемелік орталығы

