Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министірлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының қолдауымен «Астана дарыны» орталығы «Роботек» роботехника мектебімен бірлесіп 2026 жылдың 12-13 мамыр күндері «Robotеk Grand Tournament» атты республикалық чемпионатын (бұдан әрі – Чемпионат) өткізуді жоспарлап отыр.

            Чемпионаттың мақсаты:

Қазақстан Республикасында спорттық және білім беру робототехникасын танымал ету. Роботтарды құрастыру және бағдарламалау, инженерлік ғылымдар, бағдарламалау, басқа да инновациялық білім беру технологиялары саласындағы дарынды оқушыларды анықтау және қолдау.

Іріктеу сайыстары екі Лига бойынша өткізіледі:

  • “Robotek Дарын” Лигасы — мемлекеттік мектептер мен ұйымдарға арналған.

Қатысушылар: өңірлік мемлекеттік мектептері, оқушылар сарайы, техникалық шығармашылық орталықтары және техниктер станциялары.

Ұйымдастырушылар: «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы.

Өткізу мерзімі: 2026 жылғы ақпан айы (Нақты болатын күнін қосымша хабарлаймыз).

Өтінімдерді қабылдау: 2026 жылғы 1 ақпанға дейін (өтінім формасының үлгісін Қосымша №2 қараңыз).

Өз санатында 1-орын алған командалар республикалық кезеңіне жолдама алады.

  • “Robotek Бірлік” Лигасы — Қазақстандағы жеке мектептерге, клубтарға және оқу орталықтарына арналған.

Қатысушылар: жеке меншік ұйымдарынан келген командалар-мектептер, роботехника клубтары, қосымша білім беру орталықтары.

Ұйымдастырушылар: «Астана дарыны» және «Robotek» роботехника мектебі.

Өткізу орны: Астана қаласы.

Өткізу мерзімі: 2026 жылғы 28 ақпан – 1 наурыз.

Өтінімдерді қабылдау: 2026 жылғы 1 ақпанға дейін  (rgt@robotek.kz).

Санатында 1-3 орын алған командалар финалға жолдама алады.

Чемпионаттың ережесі https://rgt.robotek.kz/  сайтында орналасқан.

Чемпионаттың облыстық кезеңіне қатысу үшін басшының қолымен расталған сұранысты, сканерленген нұсқасы және электрондық тізімін  Microsoft Excel форматында екі тілде «Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО-на ertis_daryn_pvl@mail.ru поштасына  2026 жылғы  1 ақпанға дейін жіберу қажет.