«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» 2025 жылғы 15 желтоқсанда 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған Қаржылық сауаттылық және қауіпсіздік бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі (бұдан әрі — Олимпиада) онлайн форматта smart.daryn.kz платформасында өтетінін еске салады.

Өтетін орны: Павлодар қаласының №2 жалпы орта білім беру мектебі (Павлодар қаласы,  Бұқар жырау көшесі, 9/1)

Өткізу тәртібі:

9.00- 9.30 – қатысушыларды тіркеу;

          10.00 – олимпиаданың басталуы;

          11.00 – олимпиаданың аяқталуы.