Бүгін 2025 жылғы 12 желтоқсанда Павлодар қаласы Мәшһүр Жүсіп атындағы жалпы орта білім беру мектебінде  8-11 сынып оқушылары арасында VI Республикалық «Мәшһүр Жүсіп оқулары» байқауының облыстық кезеңі өтті. Бұл іс-шара республика кезеңіне қатысатын оқушыларды анықтады.

Байқау Павлодар облысы білім беру басқармасы «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырды.

Маңызды іс-шараның басты мақсаты: философ-ақынның рухани мұрасын дәріптеу, шығармаларында бейнеленген туған жерге сүйіспеншілік, белсенді азаматтық ұстанымды өскелең ұрпақта тәрбиелеу; тұлғаның зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамыту.

«Бұл жобаны, «Ертіс дарыны» орталығы 2009 жылдан бастап ал, 2019 жылдан республикалық денгейде өткізіп жүр. Сайысқа оқушылар қызығушылығымен қатысады.

 Қазақ руханиятының таным-түсініктерінен мол мағлұмат беретін Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының шығармашылығы бүгінгі мемлекетіміздің елдігін сақтаушы көркемөнер   құндылықтарының бірі,  ұлтты сақтаушы мұралардың үздік үлгісі,»  — деді Азамат Боранбайұлы.     

Байқау бес бағыт бойынша жүргізілді: «Алдыма өлең жаз деп қағаз келген…» (ақындар мүшәйрасы); «Бас болып өнер білсең…» (ғылыми жоба қорғау); «Білімді зерек адам болам!» – десең…» (эссе жазу); «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының фольклорлық мұрасы. Хандар, батырлар» (тұлғалар туралы деректерді талдау); «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының фольклорлық мұрасы. Би-шешендер, жырау-ақындар» (тұлғалар туралы деректерді талдау).

Шараға 3 қала мен 9 ауданның жалпы білім беру ұйымдарынан және 11 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерден 87 оқушы қатысты.

Торайғыров Университеті және Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті ғалымдарынан, тілшілер мен ақындардан құрылған қазылар алқасының шешімі негізінде 39 оқушы жеңімпаз бен жүлдегер атанды: Бас жүлде – 5, І орын – 5; ІІ орын – 12, ІІІ орын – 17.

«Алдыма өлең жаз деп қағаз келген» (ақындар мүшәйрасы) бағытында Бас жүлдені – Ы. Алтынсарин ат. қазақ орта мектебінің 10-сынып оқушысы Сарсенбай Нұрсәт (мұғалімі Қожанова Н. А.); І дәрежелі дипломды – Ы. Алтынсарин ат. дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 11-сынып оқушысы Баршынбай Мейіржан (мұғалімі Асығат Т. С.); ІІ дәрежелі дипломды – «Жас Дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Медіғат Кәусар (мұғалімі Шаймерденова А.Т.), облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 7-сынып оқушысы Өміржан Әбілмансұр (мұғалімі Мукушева Қ. С.); ІІІ дәрежелі дипломды –  Павлодар қаласы Ә.Бөкейхан атындағы лицей-мектебінің 10-сынып оқушысы Мұратбек Мөлдір (мұғалімі Асылбекова А. М.), Ертіс ауданы Қоскөл жалпы орта білім беру мектебінің 10-сынып оқушысы Зайниденова Жанель (мұғалімі Жанибек Есенкелді), Май ауданы Саты негізгі орта білім беру мектебінің

8-сынып оқушысы Думан Акбар (мұғалімі Телеухан Гүлден); номинацияны -Баянауыл ауданы М. Ж. Көпеев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 10-сынып оқушысы Шайдилла Жаннұр (мұғалімі Мұсабек М. Д.), Дарынды балаларға арналған  Абай атындағы гимназияның 10-сынып оқушысы Озатбекұлы Мансұр (мұғалімі Бауыржанқызы Ж.) иеленді.

«Бас болып өнер білсең…» (ғылыми жоба қорғау) бағытында Бас жүлдеге – Екібастұз қаласы А. Құнанбаев атындағы №2 жалпы орта білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы Сансызбайқызы Нұрай (мұғалімі Ташенева К. К.); І дәрежелі дипломға – Павлодар ауданы Черноярка жалпы орта білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы Орынберген Нұрислам (мұғалімі Аюпова Ж.); ІІ дәрежелі дипломға –«Жас Дарын»  мамандандырылған мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Ермұрат Ерәлі (мұғалімі Сырттанова А.Т.), Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 7-сынып оқушысы Кабжапаров Арлан

(мұғалімі Мукушева Қ. С.),  «Зерде» мамандандырылған  мектеп – лицейінің

8-сынып оқушысы Мэлс Аяулы (мұғалімі Сайлаухан Н.); ІІІ дәрежелі дипломға – Баянауыл ауданы Е. Бекмаханов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 10-сынып оқушысы Тұрсынов Нұртуған (мұғалімі Сүйіндік О. О.), дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназияның 8-сынып оқушысы Озатбекқызы Алуа (мұғалімі Құдыш С. Б.), Ы. Алтынсарин ат. дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 10-сынып оқушысы Шарапиденова Аяулы (мұғалімі Шакманова А. Т.); номинацияға — Павлодар қаласы № 35 жалпы орта білім беру мектебінің

9-сынып оқушысы Асылбек Айару (мұғалімі Калемшарав С.), Ақсу қаласы М. Қабылбеков атындағы орта  мектебінің 10-сынып оқушысы  Армия Нұртірек

(мұғалімі Капарова Г. М.), Аққулы ауданы Қазантай негізгі жалпы білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы Мурсалимов Аслан (мұғалімі Нұрдәулет Жігер) ие болды.

«Білімді зерек адам болам!» — десең…» (эссе жазу) бағытында Бас жүлдемен – Павлодар қ. Ә. Бөкейхан ат лицей-мектебінің 10-сынып оқушысы Рамазан Ағайша; І дәрежелі дипломмен – Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 7-сынып оқушысы Бейсен Наз (мұғалімі Мукушева Қ. С.); ІІ дәрежелі дипломмен Шарбақты ауданы А. Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 11-сынып оқушысы

Бауыржан Мөлдір (мұғалімі Камелева Ж. М.), Дарынды қыз балаларға арналған  «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы

Мамырбекқызы Іңкәр (мұғалімі Уахиева Ж.К.), Дарынды ер балаларға арналған  «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының  10-сынып оқушысы

Айтжанов Адлет (мұғалімі Турганбекова А. Т.); ІІІ дәрежелі дипломмен – Екібастұз қаласы №21 жалпы орта білім беру мектебінің 11-сынып оқушысы

Масұғұт Мөлдір (мұғалімі Кыдырмоллаева Б. Т.), дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназияның 8-сынып оқушысы Қайкен Аружан

(мұғалімі Казиева Б. А.), Ы. Алтынсарин ат. дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 8-сынып оқушысы Хабидуллаева Айзара (мұғалімі Ахметова Г. К.); номинациямен — Аққулы ауданы Жамбыл жалпы орта білім беру мектебінің 10-сынып оқушысы Оразова Гульжайна

(мұғалімі Елтаева А.С.), Дарынды балаларға арналған музыкалық  мектеп-интернатының 8-сынып оқушысы Ержигитова Алема (мұғалімі Алпысбаева А. Ж.) марапатталды.

«Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының фольклорлық мұрасы. Хандар, батырлар» бағытында Бас жүлде иегері – Май ауданы Көктөбе жалпы орта білім беру мектебінің 10-сынып оқушысы Қадыр Ерболат (мұғалімі Иманбаева З. Ж.); І дәрежелі диплом – Ертіс ауданы Қарақұдық жалпы орта білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы Жасқайрат Данэль (мұғалімі Шарипов К. Ж.); ІІ дәрежелі диплом –Павлодар қаласы № 25 жалпы орта білім беру мектебінің 8-сынып оқушысы Айгазинова Камила (мұғалімі Мухаметжанова А. Ш.), Павлодар қаласы М.Жүсіп атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 11-сынып оқушысы Садуакасова Баян (мұғалімі Турсунова Б.А.); ІІІ дәрежелі диплом – Ақсу қаласы Достық орта мектебінің

10-сынып оқушысы  Хавдулин Әсел (мұғалімі Хумархан Махтагул), Аққулы ауданы Ямышев жалпы орта білім беру мектебінің 8-сынып оқушысы Бекен Сабина (мұғалімі Сураган А.), Павлодар ауданы Мичурин жалпы орта білім беру мектебінің 11-сынып оқушысы Рахмет Тілеужан (мұғалімі Жиеналина М. Т.), Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 7-сынып оқушысы Темірболат Айлана (мұғалімі Мукушева Қ. С.); номинация — Дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназияның

9-сынып оқушысы Ұзақбай Жансұлу (мұғалімі Сеитова Н. С.), Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 9-сынып оқушысы Жүсіп Бөрібай

(мұғалімі Игликова Г. К.).

«Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының фольклорлық мұрасы. Би-шешендер, жырау-ақындар» бағытында Бас жүлдені иеленген – Шарбақты ауданы А. Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы Ергенқызы Жансұлу (мұғалімі Серигхан А. С.); І дәрежелі дипломды – Павлодар қаласы М.Жүсіп атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 11-сынып оқушысы Оспанова Алия (мұғалімі Турсунова Б.А.); ІІ дәрежелі дипломды – Екібастұз қаласы №25 қазақ қыздар гимназиясының 11-сынып оқушысы Елубай Зере (мұғалімі Кобешова М. Д.), дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 9-сынып оқушысы Алдыбай Әнел (мұғалімі Идрисова К. Ш.); ІІІ дәрежелі дипломды – Ы. Алтынсарин ат. дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 8-сынып оқушысы Бекіш Айзере (мұғалімі Окпина Б. М.), «Жас Дарын»  мамандандырылған мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Уәлиден Нағима

(мұғалімі Арынгазина А.М.), Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 7-сынып оқушысы Омар Айару (мұғалімі Мукушева Қ. С.), д арынды балаларға арналған  №3 гимназиясының 11-сынып оқушысы Сакенова Нұрай (мұғалімі Слямбекова К.С.); номиция — дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназияның 11-сынып оқушысы Болатбек Арайлым (мұғалімі Сеитова Н. С.), Қ. Сәтбаев ат. дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясының 9-сынып оқушысы Мухтарханова Жансая (мұғалімі Нургалиева Д. А.)

Бас жүлде иегерлері республикалық кезеңге жолдама алды. Республикалық іс-шара жыл сайын Павлодар облысы Екібастұз қаласында мамыр айында өтеді.

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша

білім беру оқу-әдістемелік орталығы