2025 жылғы 9-13 желтоқсан аралығында Астана қаласында ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы  республикалық олимпиаданың үшінші кезеңі өтті.

Республикалық кезең дәстүрлі форматта екі турда өткізілді. Олимпиаданың басты мақсаты – еліміздің ауылдық жерлеріндегі мектеп оқушыларының таланты мен қабілеттерін анықтау, дамыту және қолдау үшін оңтайлы жағдай жасау, академиялық қабілетті оқушыларды іріктеу, олардың одан әрі зияткерлік дамуы мен кәсіби бағдарлануына ықпал ету.

Республикалық олимпиадада Павлодар облысынан қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы  пәндер бойынша 22 оқушыдан тұратын құрама команда қатысты.

Республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ІІ дәрежелі дипломмен Павлодар қаласы Кенжекөл жалпы орта білім беру мектебінің  11-сынып оқушысы Морош Анастасия (мұғалімі Аринова Динара Холдаровна) марапатталды

ІІІ дәрежелі дипломымен Успен ауданы А.Байтұрсынұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 11-сынып оқушысы Ильин Никита (мұғалімі Калиева Дина Канатовна);  Павлодар қаласы Кенжекөл жалпы орта білім беру мектебінің  11-сынып оқушысы Онербекұлы Нұрбол (мұғалімі Аубакирова Айман Садвакасовна);  Аққулы ауданы Аққулы ауылының жалпы орта білім беру мектебінің 11-сынып оқушысы Абылқас Ақерке (мұғалімі Абуов Женисбек Толеубекович); Ақсу қаласы Қызылжар ауылының жалпы орта білім беру мектебінің 11-сынып оқушысы Сулайманова Дильбархон (мұғалімі Темирбаева Айнур Баурбековна); Железин ауданы №1 жалпы орта білім беру мектебінің 10-сынып оқушысы Увалит Мөлдір (мұғалімі Махина Анеля Ризатовна) марапатталды.

Ақсу қаласы  Ю. Гагарин атындағы жалпы орта білім беру  мектебінің 11-сынып оқушысы Тиленш Еркебулан (мұғалімі Актасов Алмас Куантаевич); Павлодар қаласы Кенжекөл жалпы орта білім беру мектебінің 11-сынып оқушысы Носик Никита (мұғалімі Кульжанов Гамал Каиргельдинович); Баянауыл ауданы Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 10-сынып оқушысы Мусабеков Береке (мұғалімі Шокина Баян Рахымжановна); Шарбақты ауданы А.Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 10-сынып оқушысы Қанат Жанеля (мұғалімі Есимханова Айтжамал Мадатовна) грамотамен марапатталды.