2026 жылғы 16 қантарда Республикалық «Абай оқулары» байқауының облыстық кезеңі өтеді. Іс-шараны Павлодар облысы білім беру басқармасы «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырады.

Абай оқуларының негізгі  мақсаты қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, мектеп оқушыларының классикалық әдебиеттерді оқуға деген қызығушылықтарың арттыру.

Сайыс аудандық және қалалық кезеңдердің жеңімпаздары 8–11 сынып оқушылары арасында алты бағыт бойынша өткізіледі: «Өлең – сөздің патшасы…» – Абай өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқу (қатысушы өзі жатқа білетін өлеңдерінің тізімі мен жинағын конкурсқа алып келуі қажет); «Абайдың қара сөздері» – ақынның қара сөздерін мәнерлеп жатқа оқу (қатысушы жаттаған қара сөздерінің жинағын конкурсқа алып келуі қажет); «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» – Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ақылбай және Мағауия Абайұлдарының шығармаларын мәнерлеп жатқа оқу; «Көңілім әнді ұғады» – Абай мен Шәкәрімнің өлеңдері мен күйлерін орындау; «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» – жас ақындар сайысы (қатысушы жаттаған өлеңдерінің жинағын конкурсқа алып келуі қажет); «Сөз өнеріндегі ұлы Абай бейнесі» – Абай туралы көркем туындыларды толық білуі, талдай жасай алуы керек.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар облысы білім беру басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады.

Облыстық кезең жеңімпаздары республикалық конкурсқа жолдама алады.