«Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО 2025-2026 оқу жылының жұмыс жоспарына сәйкес 2026 жылғы қаңтар айында жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндер және бағдарламалау бойынша  облыстық жасөспірімдер олимпиадаларын өткізуді жоспарлайды.

Жаратылыстану-математикалық және бағдарламалау пәндері бойынша жасөспірімдер олимпиадалардың өтетін күні мен орны  қосымшада көрсетілген. Аудандық/қалалық кезеңдердің жеңімпаздары олимпиадаларға  биология, география, физика, химия пәндері бойынша 7 және 8 сыныптардан бір оқушыдан қатысады. Әр пән бойынша ең жоғары ұпай жинаған жеңімпаз Қ. Сәтбаев атындағы аймақтық олимпиадасына жолдама алады.

Жаратылыстану-математикалық бағыты және бағдарламалау бойынша жасөспірімдер олимпиадаларының кестесі

№р/с Пән Өткізілу күні Өткізу уақыты Өткізу орны
1 Биология 13.01.26 9.00-9.30-тіркеу

10.00 – олимпиада

Дарынды балаларға араналған №8 лицей-мектебі (Астана көш., 12)

 

2 География 15.01.26 9.00-9.30-тіркеу

10.00 – олимпиада

3 Физика 19.01.26 9.00-9.30-тіркеу

10.00 – олимпиада

4 Химия 21.01.26 9.00-9.30-тіркеу

10.00 – олимпиада