2026 жылғы 5-6 қаңтарда Алматы қаласында мамандандырылған білім беру ұйымдарынына арналған РОБОТТАР ФЕСТИВАЛІ өтті. Фестивалді Қазақстан Республикасы Оқу ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы «USTEM Foundation» қоғамдық қорымен бірлесіп SDU University-нің базасында ұйымдастырды. Сайысқа 150-ден астам команда, 1 500-ден астам оқушы қатысты.
ФЕСТИВАЛЬ мақсаты – STEM құзыреттіліктерін, цифрлық дағдыларды және инженерлік шығармашылықты дамыту, сондай-ақ оқушылардың ғылыми-техникалық қызметке қызығушылығын арттыру.
«FLL Challenge Lego League» санатына 63 команда қатысты. Павлодар облысының атынан Қаныш Сәтбаев атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясының оқушылары: Жұмахан Арсен, Ерсинова Аселя, Сериков Рамазан, Серикжанқызы Фатима, Жукенова Жания, Бейсенбаев Елжас, Ермекова Жулдыз, Алпысбай Айару қатысты.
Роботтар фестивалінің қорытындысы бойынша «SAMGAU» командасы BREAKTHROUGH AWARD номинациясына ие болды.
Бұл жетістік-үлкен еңбектің, білімнің және кемелдікке ұмтылудың нәтижесі.


