Павлодар қаласында 2026 жылдың 6-8 қаңтарында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі аяқталды. Зияткерлік жарыс жалпы білім беретін оқу орындарының 9-11 сынып оқушылары арасында 15 пән бойынша өтті.
Олимпиадаға 26 командадан 708 оқушы қатысты: 3 қала, 10 аудан және 13 мамандандырылған білім беру ұйымдары. Олимпиада қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломмен-58 оқушы, ІІ дәрежелі дипломмен-103 оқушы марапатталды, ІІІ дәрежелі-163 оқушы.
Биыл Павлодар Ә.Марғұлан атындағы педагогикалық университеті 11 сынып оқушыларына 7 білім беру грантын бөлді.
«Ең жас қатысушы» номинациясында 6-сыныптың үш оқушысы марапатталды.


