Павлодар облысы білім беру басқармасының «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы 2026 жылғы 12 қаңтарда дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының негізінде физика пәнінен жасөспірімдер олимпиадасы өткізілді.
Олимпиаданың мақсаты – мектеп оқушыларының жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындық жүйесін жетілдіру мен жаратылыстану-математикалық бағыттағы және бағдарламалау пәндерден олимпиадалық қорын қалыптастыру, Қ.И. Сәтбаев атындағы аймақтық олимпиадасына қатысу үшін жоғары ынталы білім алушыларды аңықтау.
Шараға 34 оқушы қатысты, оның ішінде 7 сынып – 15, 8 сынып – 19.
Олимпиада қорытындысы бойынша 11 оқушы жүлдегер мен жеңімпаз атанды, оның ішінде І орын – 3, ІІ орын – 3, ІІІ орын – 5 және Қүрмет грамотасына 2 оқушы ие болды.
Аудандық және қалалық оқушылары арасында: І орынға Павлодар қаласы №17 жалпы орта білім беру мектебінің 8-сынып оқушысы Искакова Мадина, ІІІ орынға Екібастұз қаласы №11 жалпы орта білім беру мектебінің 8-сынып оқушысы Садықжан Әсемай және Павлодар ауданы Кемеңгер жалпы орта білім беру мектебінің 7- сынып оқушысы иеленді.
Мамандандырылған мектеп оқушылары арасында І орынға дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 8-сынып оқушылары Уткин Николай және Шакуов Даниал, ІІ орынға дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 8, 7-сынып оқушылары Федоренко Роман, Шәріпхан Ерболат, Турсун Рауан; ІІІ орынға дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 8-сынып оқушысы Берік Мансур және дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 7-сынып оқушысы Рогожин Мирон ие болды. Құрмет грамотасымен дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 8-сынып оқушысы Литвин Егор және Қ. Сәтбаев ат. мамандандырылған гимназиясының 8-сынып оқушысы марапатталды.

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру
оқу-әдістемелік орталығы

