«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы 2025-2026 оқу жылына арналған жоспарға сәйкес, 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған қаржы және экономика бойынша олимпиаданың басталғанын хабарлайды.
Негізгі ақпарат:
- Тіркелу: 2026 жылғы 9 қаңтар сағат 12:00-ден 15 қаңтар сағат 18:00-ге дейін. Оқушылар smart.daryn.kz платформасында өз бетінше тіркелуі тиіс.
- Өткізілу күні: 21 қаңтар 2026 жыл, сағат 10:00.
- Тілдік талап: Қатысушылардың ағылшын тілін білу деңгейі Intermediate (B1) деңгейінен төмен болмауы тиіс.
- Форматы: 60 сұрақтан тұратын 150 минуттық онлайн-тест.
Ерекшеліктері: Олимпиада барысында академиялық адалдық қатаң сақталады. Қатысушылардың жұмысы YouTube платформасындағы тікелей трансляция арқылы бейне және аудио бақылаудан (прокторинг) өтеді. Бағалау жүйесі бойынша дұрыс жауап үшін 3 балл беріліп, қате жауап үшін 1 балл шегеріледі.

