Алматы қаласында 2026 жылдың 10-15 қаңтар аралығында математика, физика және информатика пәндері бойынша ХХІI Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өткізілді.
Олимпиада алғаш рет 2005 жылы өткізіліп, 20 жылдан бері Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен сәтті өткізілуде.
Шараға әлемінің 16 елінен 612 оқушы қатысты, оның ішінде Қазақстан, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікістан, Туркменстан, Моңғолия, Грузия, Болгария, Румыния, Пәкістан, Индонезия және Үндістан мемлекеттерінен.
Олимпиада мақсаты: дарынды оқушыларды анықтау, оларды интеллектуалдық тұрғыда дамыту және кәсіби бағдарлау үшін жағдай жасау, оқушылар арасында физика, математика және ІТ білімдерді насихаттау, физика-математикалық мектептерімен халықаралық ынтымақтастықты дамыту.
Олимпиадаға облысымыздың 15 оқушысы – математика, физика және информатикадан облыстық, республикалық, халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары. Бұл дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің, Павлодар қаласының дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының, Екібастұз қаласының дарынды ер балаларға арналған облыстық «Білім-Инновация» лицей-интернатының және «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің оқушылары. Сонымен қатар ұлттық команда құрамында дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Юрий Шубладзе қатысты.
Зияткерлік сайыстың қорытындысы бойынша физика пәні бойынша алтын медаль және Satbaev University білім грантының иегері дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 10 сынып оқушысы Қайырбек Исмаил (мұғалімі Дулатұлы Ерасыл).
Математика пәнінен күміс медаль иегері–дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 11-сынып оқушысы Шубладзе Юрий (мұғалімі Стадникова Л.В.), физика пәнінен –дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 10-сынып оқушысы Сагиденова Камила (мұғалімі Захаров А.Н.).
Математика пәнінен қола медальге дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы Амантай Рахат (мұғалімі Сейдуәлі Д.Ж.); физика пәнінен қола медальмен дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 9, 11 сынып оқушылары Перепелица Даниил және Мельников Михаил (мұғалімі Билида А.Н.); информатика пәнінен-дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы Ермек Әділ (мұғалімі Хумархан Ж.) және дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» облыстық лицей-интернатының 10 сынып оқушысы Ситдиков Юсуф (мұғалімі Есенгельди Г. С.) марапатталды.

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру
оқу-әдістемелік орталығы

