Павлодар облысы білім беру басқармасының «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы 2026 жылғы 21 қаңтарда жалпы білім беру ұйымдарының 7-8 сынып оқушылары арасында химия пәні бойынша облыстық жасөспірімдер олимпиадасын өткізді.
Олимпиаданың мақсаты: жоғары деңгейдегі олимпиадаларға қатысу үшін оқушыларды рейтингтік іріктеу және жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер мен бағдарламалау бойынша олимпиадалық резервті құру.
Шараға 39 оқушы қатысты, оның ішінде 7-сынып оқушылары — 18, 8-сынып – 21.
Олимпиада қорытындысы бойынша 7 оқушы жүлдегер мен жеңімпаз атанды, оның ішінде І орын – 2, ІІ орын – 2, ІІІ орын – 3 және Қүрмет грамотасына 5 оқушы ие болды.
Аудандық және қалалық оқушылары арасында: І орынға Павлодар қаласы А. Шамкенов атындағы лицей-мектебінің 8-сынып оқушысы Снигирёва Александра, ІІ орынға Тереңкөл ауданы Береговая жалпы орта білім беру мектебінің 8-сынып оқушысы Көшербай Ибраһим, ІІІ орынға Павлодар қаласының М. Әлімбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 7-сынып оқушысы Сейтхан Меруерт иеленді. Құрмет грамоталарына Железин ауданы Веселая роща жалпы орта білім беру мектебінің 8-сынып оқушысы Танарбергенов Тамерлан және Екібастұз қаласының №24 мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушысы Галкина Карина ие болды.
Мамандандырылған мектеп оқушылары арасында І орынға дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 8-сынып оқушысы Ахметова Латифа, ІІ орынға «Жас Дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы Қалиасқар Әлкен, ІІІ орынға Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 7-сынып оқушысы Дәуіт Жәнел және дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 8-сынып оқушысы Звягин Марк ие болды. Құрмет грамотасына Екібастұз қаласының дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» облыстық лицей-интернатының 8-сынып оқушылары Кеңес Алдияр және Қамысбек Нұрхан, дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 8-сынып оқушысы Борщевская Елизавета иеленді.

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру
оқу-әдістемелік орталығы

