«Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО-ғы жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың үшінші (облыстық) кезеңін (бұдан әрі – Олимпиада) 2026 жылғы 6 ақпанда сағат 10.00-де жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша, сағат 14.00-де қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша өткізетінін хабарлайды.
Қатысушыларда биология, химия пәндеріне көк сиясымен қалам, калькулятор, қарындаш, өшіргіш; физика, география — көк сиясымен қалам, қарапайым және түрлі-түсті қарындаштар, сызғыш, өшіргіш, транспортир, калькулятор, циркуль; математика пәніне геометриялық өлшеу құралдары болуы кажет.
Қатысушыларды тіркеу уақыты:
- жаратылыстану-математикалық бағыт сағат 00-ден 9.30-ға дейін,
- қоғамдық-гуманитарлық бағыт сағат 13.00-ден 13.30-ға дейін.
Олимпиадаға қатысушылардың фото, бейне түсірілім және жеке деректерді өндеу бойынша келісімдері болуы тиіс.
Олимпиада откізу орны қосымша хабарланады.

