Павлодар облысы білім беру басқармасының «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы 2026 жылғы 28 қаңтарда жалпы білім беру ұйымдарының 7-8 сынып оқушылары арасында биология пәні бойынша облыстық жасөспірімдер олимпиадасын өткізді.
Олимпиаданың мақсаты: жоғары деңгейдегі олимпиадаларға қатысу үшін оқушыларды рейтингтік іріктеу және жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер мен бағдарламалау бойынша олимпиадалық резервті құру.
Шараға 36 оқушы қатысты, оның ішінде мамандандырылған мектептерден — 26, аудандық және қалалық мектептерден – 10.
Олимпиада қорытындысы бойынша 12 оқушы жүлдегер мен жеңімпаз атанды, оның ішінде І орын – 2, ІІ орын – 4, ІІІ орын – 6.
Аудандық және қалалық оқушылары арасында: І орынға Павлодар ауданы Луганск жалпы орта білім беру мектебінің 8-сынып оқушысы Щеглов Олег, ІІ орынға Павлодар қаласы №17 жалпы орта білім беру саралап оқытатын бейіндік мектебінің 8-сынып оқушысы Черченко Дарья иеленді, ІІІ орынға Баянауыл ауданы М.Әуезов ат. жалпы орта білім беру мектебінің 7-сынып оқушысы Игенбаева Зере, Екібастұз қаласының С.Торайғыров ат. №22 мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушысы Зейнолла Каусар, №26 гимназия-мектебінің 7-сынып оқушысы Біржан Нәркес ие болды.
Мамандандырылған мектеп оқушылары арасында І орынға «Жас Дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы Женисова Сабина, ІІ орынға дарынды балаларға арналған мамандандырылған №1 лицей-мектебінің 8-сынып оқушысы Жингулов Ибрагим, Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 8-сынып оқушысы Молдахметова Айгерим, дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 7-сынып оқушысы Лапухина Елизавета, ІІІ орынға Қ.Сәтбаев ат. дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясының 8-сынып оқушысы Еркинов Алинур, «Зерде» мамандандырылған мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы Жанұзақ Айша және 7-сынып оқушысы Чалдаева Раяна иеленді.


«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру
оқу-әдістемелік орталығы

