Павлодар облысы білім беру басқармасының  «Ертіс дарыны»  өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы 2026 жылғы 30 қаңтарда жалпы білім беру ұйымдарының 7-8 сынып оқушылары арасында география пәні бойынша облыстық жасөспірімдер олимпиадасын өткізді.

Олимпиаданың мақсаты: жоғары деңгейдегі олимпиадаларға қатысу үшін оқушыларды рейтингтік іріктеу және жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер мен бағдарламалау бойынша олимпиадалық резервті құру.

Шараға 36 оқушы қатысты, оның ішінде мамандандырылған мектептерден — 24, аудандық және қалалық мектептерден  – 12.

Олимпиада қорытындысы бойынша  11 оқушы жүлдегер мен жеңімпаз атанды, оның ішінде  І орын – 3,  ІІ орын – 3, ІІІ орын – 5.

 Аудандық және қалалық оқушылары арасында: І орынға Павлодар ауданы Заря жалпы орта білім беру мектебінің 8-сынып оқушысы Қыстаубайұлы Мұстафа,             ІІ орынға Екібастұз қаласы №35 мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушысы Билялова Дамира, ІІІ орынға Павлодар қаласы №25 жалпы орта білім беру мектебінің 8-сынып оқушысы Аубакиров Бакытжан, Ертіс ауданы №2 жалпы орта білім беру мектебінің   8-сынып оқушысы Абдазимов Саян ие болды.

Мамандандырылған мектеп оқушылары арасында І орынға Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының         8-сынып оқушысы Құрмет Қабдулжағыпар,  «Жас Дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы Батырхан Әлім, ІІ орынға дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназиясының 8-сынып оқушысы Утеуов Алим, дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 8-сынып оқушысы Мұрат Әмірхан,  ІІІ орынға дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 8-сынып оқушысы Бисимбаев Назарали, облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 8-сынып оқушысы Швайцер Ян, дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 6-сынып оқушысы  Мағауия Илияс иеленді.

 

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы