«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы 2026 жылғы 10 ақпанда бастауыш сынып оқушылары арасында облыстық математикалық турнир өткізілетінін хабарлайды.
Турнирдің мақсаты – математикалық қабілеті жоғары бастауыш сынып оқушыларын анықтау, дамыту және қолдау, сондай-ақ облыстық олимпиадалық командасының резервін қалыптастыруға жәрдемдесу.
Облыстық турнирге қалалық және аудандық кезеңдердің жеңімпаздары, іріктеу турнирлерінде үздік нәтижелер көрсеткен оқушылар қатысады.
Турнир екі кезеңде өтеді:
- I кезең – жеке ауызша (45 минут);
- II кезең – жеке жазбаша (60 минут).
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар облысы білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады.
Екі кезеңнің қорытындысы бойынша ерекше нәтижеге жеткен қатысушыға «Абсолюттік жеңімпаз» атағы беріледі.

