Өтетін орны: Павлодар қаласының №35 жалпы білім беретін мектебінің (Ш.Айманов көшесі, 37).
Өткізілетін уақыты: 2026 жылғы 6 ақпан күні.
Павлодар облысы білім беру басқармасының «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы 2025-2026 оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың облыстық кезеңін өткізеді.
Олимпиаданың мақсаттары мен міндеттері: оқушылардың интеллектуалдық белсенділігі мен ғылыми білімге деген қызығушылығын дамыту, дарынды балалармен жұмысты жүзеге асыруға жағдай жасау, республикалық пәндік олимпиадаларға қатысуға ынтасы жоғары оқушыларды анықтау. Олимпиада екі бағыттағы пәндер бойынша өтеді:· сағат 10:00-де — жаратылыстану-математикалық бағыты пәндері; · сағат 14:00-де — қоғамдық-гуманитарлық бағыты пәндері.
Олимпиадаға облыстың 3 қаласы, 10 ауданы және 14 мамандандырылған білім беру ұйымынан 27 команда қатысады. Жаратылыстану-математикалық бағыт пәндерінен – 231 оқушы, қоғамдық-гуманитарлық бағыт пәндерінен — 243 оқушы, барлығы 474 оқушы.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар облысы білім беру басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады.
Олимпиаданың облыстық кезеңінің жеңімпаздары Республикалық олимпиадаға жолдама алады.
Қосымша ақпаратты 87074982294 телефон арқылы алуға болады (Абаильдинова Жулдуз Кадыровна).

