«Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО-ның жұмыс жоспарына сәйкес спорттық және білім беру робототехникасын танымал ету, роботтарды құрастыру және бағдарламалау, инженерлік ғылымдар, басқа да инновациялық білім беру технологиялары саласындағы дарынды оқушыларды анықтау және қолдау мақсатында «Robotеk Grand Tournament» атты республикалық чемпионатының (бұдан әрі – Чемпионат) облыстық кезеңін Павлодар қаласы № 25 жалпы орта білім беру мектебінің базасында (Майра көш., 49/1) 2026 жылғы 24 ақпан күні өткізетінін хабарлайды.

Аудандық, қалалық кезеңдердің жеңімпаздары республикалық чемпионаттың облыстық кезеңіне қатысады.Чемпионаттың ережесі https://rgt.robotek.kz/  сайтында орналасқан.               Қатысушыларда міндетті түрде өзімен бірге болуы тиіс: 1.     Дайын робот 2.     Роботқа арналған бағдарлама 3.     Ноутбук (қуаттаушы + тінтуір) 4.     Фильтр -1 дана 5.     ЕV3-ке арналған 2-3 қуатталған батарейка және батарейкаға арналған қуаттаушы 6.     Роботқа арналған қажетті бөлшектер 7.     Ауыз су

Қатысушыларды тіркеу 09.00-дан 09.30 дейін.            Турнир сағат 10.00-де басталады.