Облыстық «Шәкен Айманов оқулары» байқауы 2026 жылғы 13 ақпанда Шәкен Аймановтың туған жері — Баянауыл ауданында «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы мен Баянауыл ауданының білім беру бөлімінің бірлесіп ұйымдастыруымен өткізілді.

Байқаудың негізгі мақсаты – дарынды балаларды анықтау, қолдау, жас талапкерлерге әлеуметтік-рухани бағыт-бағдар беру, сондай-ақ олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға ықпал ету.

Сайыс 4 бағыт бойынша ұйымдастырылды:

  1. «Сахна саңлағы» – театрландырылған қойылым;
  2. «Ақ қағаз, қалам сия келді бізге…» – мүшәйра;
  3. «Көңілімді әнді ұғады» – музыкалық байқау;
  4. «Қылқалам және қолөнер шеберлері» – Ш. Аймановтың өмірі мен кинодағы шығармашылығына арналған көркем және қолөнер жұмыстары.

Байқауға облыстың әр өңірінен 8–11 сыныптар арасында 124 оқушы қатысты.

Шара барысында қатысушылардың шығармашылық деңгейі, сахналық мәдениеті мен өнерге деген қызығушылығы жоғары екені байқалды.

Ұйымдастырушы, Баянауыл ауданының білім беру бөлімінің әдіскері Мурзатаев Алмас байқау туралы өз пікірін білдірді:

«Шәкен Айманов оқулары – жас ұрпақтың өнерге, ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілігін арттыратын маңызды алаң. Бұл байқау арқылы біз оқушылардың шығармашылық қабілетін ашып қана қоймай, олардың болашақта өз жолын табуына рухани серпін беруді көздедік. Қатысушылардың белсенділігі мен дайындық деңгейі бізді қуантты».

Байқау қорытындысы бойынша үздік өнер көрсеткен қатысушылар дипломдармен және бағала сыйлықтармен марапатталды.

Байқауының қорытындысы бойынша 24 оқушы жеңімпаз бен жүлдегер атанды: І орын – 5, ІІ орын – 6, ІІІ орын – 7, 6 номинация.

 «Ақ қағаз, қалам сия келді бізге…» бағытында бойынша  —  Баршынбай Мейіржан (Ы.Алтынсарин ат. дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты) – І дәрежелі диплом және 25 000 тг;  Қайрат Бекарыс (Баянаул ауданы Ш.Айманов мектебі) – ІІ дәрежелі диплом және 20 000 тг; Сейсенбек Арайлым (Баянауыл ауданы Ш.Шөкин мектебі) – ІІІ дәрежелі диплом және 15 000 тг; Кәкеш Дәния (Баянауыл ауданы Д.Рахметов мектебі) – «Қаламгер таланты» номинациясы, 5 000 тг.

«Қылқалам және қолөнер шеберлері» бағытында  бойынша —  Жұмағали Нұралы (Баянауыл ауданы Ж.Ағаділов мектебі) – І дәрежелі диплом және 25 000 тг; Иманхан Айбар (Ә.Марғұлан мектебі) – ІІ дәрежелі диплом және 20 000 тг; Тоқтар Қызғалдақ (Павлодар қаласы, Абай атындағы гимназия) – ІІІ дәрежелі диплом және 15 000 тг; Мұхтар Санжар (Баянауыл ауданы Ш.Шөкин мектебі) – «Шығармашылық қолтаңба» номинациясы, 5 000 тг.

«Сахна саңлағы» бағыты бойынша — Ш.Айманов мектебі – І дәрежелі диплом және 50 000 тг; Д.Рахметов мектебі – ІІ дәрежелі диплом және 40 000 тг; М.Ж.Көпеев мектебі – ІІ дәрежелі диплом және 40 000 тг; Шадыра мектебі – ІІІ дәрежелі диплом және 30 000 тг;  Ы.Алтынсарин атындағы гимназия – ІІІ дәрежелі диплом және 30 000 тг;  Дарынды балаларға арналған №3 гимназия – ІІІ дәрежелі диплом және 30 000 тг; Өмірбек Рамазан (Ш.Айманов мектебі) – «Ең үздік актер» номинациясы, 5 000 тг; Мұратова Сабина (М.Ж.Көпеев мектебі) – «Ең үздік актер» номинациясы, 5 000 тг; «Көңілім әнді ұғады» бағыты бойынша (5–7 сынып);  Серік Ділназ (Ш.Айманов мектебі) – І дәрежелі диплом және 25 000 тг; Тембай Айару (Павлодар қаласы, Мәшһүр Жүсіп мектебі) – ІІ дәрежелі диплом және 20 000 тг; Берікболұлы Нұртас (М.Әуезов мектебі) – ІІІ дәрежелі диплом және 15 000 тг; Акейхан Айша (№2 Майқайың мектебі) – «Әуенмен өрілген өнер» номинациясы, 5 000 тг;  «Көңілім әнді ұғады» бағыты бойынша (8–11 сынып); Молдабай Көркем (Ақтоғай ауданы, Қараоба мектебі) – І дәрежелі диплом және 25 000 тг; Көпеева Ақжамал (Павлодар қаласы, Абай атындағы гимназия) – ІІ дәрежелі диплом және 20 000 тг; Каиргельдинова Дильнура (Павлодар қаласы, Ы.Алтынсарин гимназиясы) – ІІІ дәрежелі диплом және 15 000 тг; Сембай Роза (Ш.Айманов мектебі).

 «Сахнадағы сырлы әуен» номинациясы, 5 000 тг Облыстық «Шәкен Айманов оқулары» байқауының қорытындысы.