Астана қаласында 2026 жылғы 14-15 ақпан аралығында «Астана дарыны» дарынды балалар мен дарынды жастарды анықтау және қолдау орталығы CAP Education онлайн бағдарламалау мектебімен бірлесіп оқушыларға арналған Республикалық Хакатон (бұдан әрі – Хакатон) Astana IT университетінің базасында өткізді.
Республикалық кезеңге Қазақстан Республикасының барлық қалаларынан 50-ден астам команда қатысты.
Хакатонның мақсаты – жасанды интеллект және цифрлық трансформация бағыттарындағы мемлекеттік басымдықтарды қолдау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің стратегиялық міндеттерінде айқындалған бағыттарды мектептегі пәндер мен оқушылардың практикалық бастамалары арқылы жүзеге асыруға жәрдемдесу болып табылады.
Оқушыларға арналған республикалық хакатонға Павлодар облысынан 6 оқушы қатысты – дарынды балаларға арналған Абай гимназиясының 9-сынып оқушылары Альбекова Адина және Бағдат Әділбек, Павлодар қаласы А. Шәмкенов атындағы мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Аргынова Назия, Павлодар қаласы Кенжекөл жалпы орта білім беру мектебінің 6-сынып оқушысы Кәкен Аңсар, Екібастұз қаласы №18 жалпы орта білім беру мектебінің 9 және 11-сынып оқушылары Нұрымжан Даниял, Шоханов Даулет.
Республикалық хакатонның қорытындысы бойынша «Smart Technologies & Iot» номинациясында Павлодар қаласы А.Шәмкенов атындағы мектеп-лицейінің оқушысы Арғынова Назия І орынға және 150 000 теңгенің сертификатына ие болды; «Digital Business & Gov Tech» номинациясы бойынша дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназиясының оқушылары Альбекова Адина және Бағдат Әділбек ІІІ орынға иеленіп, 50 000 теңгенің сертификатына ие болды.
Республикалық кезеңге өткен барлық қатысушылар CAP Education онлайн бағдарламалау мектебінде тегін оқу мүмкіндігіне ие болады.

«Ертіс дарыны» қосымша білім беру
оқу-әдістемелік орталығы

