«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы, ауыл мектептеріне арналған «Мың бала» ұлттық зияткерлік олимпиадасын өткізетінін хабарлайды.

           Ағымдағы жылдың 20 ақпан – 20 наурыз аралығында https://1000bala.elumiti.kz сайтында Олимпиадаға қатысушыларды тіркеу жүргізіледі. Олимпиадаға Қазақстан Республикасындағы ауыл мектептерінің 6-сынып білім алушылары қатыса алады.

           Олимпиада екі кезеңнен тұрады:

           I кезең – 2026 жылғы 1–15 сәуір аралығында https://1000bala.elumiti.kz сайтында прокторинг жүйесін қолдана отырып, онлайн форматта өтеді. I кезеңнің қорытындысы бойынша ең жоғары балл жинаған 5000 оқушы II кезеңге жолдама алады.

           II кезең – 24–26 сәуір аралығында аймақтық «Ұлттық тестілеу орталықтарында» офлайн форматта өткізіледі. II кезеңнің қорытындысы бойынша 1000 жеңімпаз анықталып, мамандандырылған мектептерге оқуға түсуге жолдама алады.

           Осыған орай, «Мың бала» ұлттық зияткерлік олимпиадасының өткізілуі туралы ақпаратты ауыл мектептерінің басшыларына жолдауыңызды сұраймыз.

Қосымша ақпарат алу үшін байланыс телефоны: 8 (7172) 472-910.