Қарағанды қаласында 2026 жылғы 17-20 ақпан аралығында қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсы №19 мектеп базасында өтті. Байқау халықаралық тәжірибеге сәйкес ашық көрме форматында өткізілді.
Оқушылардың республикалық ғылыми жобалар конкурсына тарих, Адам және қоғам, өлкетану, этномәдениеттану, тіл білімі, әдебиет секциялары бойынша 293 жобамен 370 оқушы қатысты.
Павлодар облысын 13 жобамен 16 оқушы таныстырды – облыстық кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері.
Республикалық ғылыми жобалар конкурсының қорытындысы бойынша алтын медаль және бірінші дәрежелі диплом иегерлері Ы.Алтынсарин атындағы қазақ гимназиясының 11-сынып оқушылары Төлеу Назира мен Сатенова Фарида (тіл білімі секциясы); Екібастұз қаласы «Зерде» мамандандырылған мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Жаналиева Гүлбану (Адам және қоғам секциясы) және Екібастұз қаласы №1 мамандандырылған мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Королева Регина (тіл білімі секциясы).
Күміс медаль және екінші дәрежелі дипломдарына Абай атындағы дарынды балаларға арналған гимназияның 9-сынып оқушылары Бәкір Мұхит пен Бастеми Алуа (тіл білімі секциясы), сонымен қатар Павлодар қаласы №25 ЖОББМ-ның 11-сынып оқушысы Сабина Қарабаева (әдебиет секциясы) иеленді.
Қола медаль және үшінші дәрежелі дипломдарымен Екібастұз қаласы «Зерде» мамандандырылған мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Дарханқызы Аружан (тіл білімі секциясы), Ы.Алтынсарин атындағы қазақ гимназиясының 11-сынып оқушысы Базар Айауылым (этномәдениеттану секциясы) және Павлодар қаласының №25 ЖОББМ-ның оқушысы Орымбай Әсел ( әдебиет секциясы) марапатталды.

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру
оқу-әдістемелік орталығы

