Аймақтық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы «Ертіс дарыны» 2026 жылғы 20 ақпанда 2–4 сынып оқушыларына арналған облыстық математикалық турнир ұйымдастырды.

Турнир бастауыш мектеп жасындағы математикалық қабілеті жоғары оқушыларды анықтау, дамыту және қолдау, сондай-ақ облыстың математика пәні бойынша олимпиадалық құрама командасының резервін қалыптастыруға ықпал ету мақсатында өткізілді.

Облыстық турнирге іріктеу кезеңдерінде үздік нәтижелер көрсеткен қалалық және аудандық кезеңдердің жеңімпаздары қатысты. Турнирге барлығы облыстың білім беру ұйымдарынан 97 оқушы қатысты.

Ережеге сәйкес турнир екі кезеңде өткізілді: ауызша және жазбаша.

«Облыстық математикалық турнирді өткізу арқылы біз математикалық қабілеті жоғары балаларды ерте жастан анықтауға, дамытуға және қолдауға мүмкіндік алып отырмыз. Бұл турнир өңірдің зияткерлік әлеуетін қалыптастыру мен олимпиадалық құрама команданың резервін даярлауда маңызды алаң болып табылады. Қатысушылардың жоғары дайындық деңгейі педагогтердің бірлескен жұмысының тиімділігін көрсетеді», – деп атап өтті орталық басшысы Азамат Боранбайұлы.

Байқау қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломмен – 6 оқушы, ІІ дәрежелі дипломмен – 9 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломмен – 19 оқушы марапатталды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің тізімі «Ертіс дарыны» орталығының ресми сайтында орналастырылған.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер