Ақмола облысы, Щучинск қаласында орналасқан «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының базасында 2026 жылғы 20-23 ақпан аралығында 2-7 сынып оқушыларының зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының ХХІ республикалық «Зерде» конкурсының қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша қорытынды кезеңі өтті.
Конкурстың негізгі мақсаты – балалардың зерттеу қызметі дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру болып табылады.
Қорытынды кезеңге жеңімпаз және жүлдегер атағы үшін Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 300-ден астам жас зерттеуші бақ сынасты. Оның ішінде Павлодар облысынан 20 оқушы 15 жобамен қатысты.
Конкурс 6 секция бойынша өткізілді: қазақ тілі мен әдебиеті; орыс тілі мен әдебиеті; тарих, өлкетану; технология және өнер; шетел тілі; этномәдениеттану.
Конкурс қорытындысы бойынша оқушылар 14 жүлделі орынға ие болды: І орын – 3 оқушы; ІІ орын – 4 оқушы; ІІІ орын – 7 оқушы. Құрмет грамоталарымен 2 оқушы марапаталды.
Барлық жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтаймыз!

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру
оқу-әдістемелік орталығы
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша
2-7 сынып оқушыларының зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының ХХІ республикалық «Зерде» конкурсының
жеңімпаздары мен жүлдегерлері
| № | Оқушының
аты — жөні |
Секция | Сынып | Мектеп | Орын |
| 1 | Асаинова Медина, Сатбек Абумансұр | Қазақ тілі мен әдебиеті | 3,3 | Екібастұз қаласының
С. Торайғыров атындағы № 22 гимназия – мектебі |
|
| 2 | Ултанбаева Акнур | Қазақ тілі мен әдебиеті | 6 | Павлодар қаласының
№7 жалпы орта білім беру мектебі |
ІІІ |
| 3 | Айтмағамбет Нұрали, Ұзақбай Нұрхан | Қазақ тілі мен әдебиеті | 6,6 | Дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназиясы | ІІІ |
| 4 | Жолдабек Батырхан | Орыс тілі мен әдебиеті | 6 | Дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназиясы | ІІ |
| 5 | Қаиржан Тахир | Орыс тілі мен әдебиеті | 4 | Павлодар қаласының
Ә. Бөкейхан атындағы лицей-мектебі |
ІІІ |
| 6 | Жанатаева Раяна | Орыс тілі мен әдебиеті | 4 | Павлодар қаласының
Ж. Тәшенев атындағы жалпы орта білім беру мектебі |
І |
| 7 | Абишев Алихан, Салимова Айгерим | Орыс тілі мен әдебиеті | 6,6 | Дарынды балаларға арналған №3 гимназиясы | І |
| 8 | Никитенко Макар, Рыбалкина Таисия | Тарих, өлкетану | 4,4 | Павлодар қаласының
С. Торайғыров атындағы жалпы орта білім беру мектебі |
ІІІ |
| 9 | Оспанова Амина | Тарих, өлкетану | 6 | Ақсу қаласының
№ 4 орта мектебі |
ІІ |
| 10 | Буланов Лев | Технология және өнер | 2 | Павлодар қаласының
А. Байтұрсынұлы атындағы инновациялық үлгідегі жалпы орта білім беру мектебі |
|
| 11 | Какимова Наргиз | Технология және өнер | 7 | Павлодар қаласының
№29 жалпы орта білім беру мектебі |
ІІІ |
| 12 | Бисимбаева Лаяна | Шетел тілі | 4 | Павлодар қаласының
Ш. Шөкин атындағы жалпы орта білім беру гимназия-мектебі |
ІІ |
| 13 | Тюлюгенова Жасмин | Шетел тілі | 7 | Шарбақты ауданының Шалдай жалпы орта білім беру мектебі | ІІ |
| 14 | Берикова Даяна, Қайролла Айзере | Этномәдениеттану | 6,6 | Қ. Сәтбаев атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясы | ҚГ |
| 15 | Досмағамбет Алдияр | Этномәдениеттану | 3 | Павлодар қаласының
№ 25 жалпы орта білім беру мектебі |

